Сәлем, достар! "Әжемнің әңгімесі" подкастына қош келдіңіз! Мұнда өткен тарих, бүгінгі өмір мен болашаққа болжам айтылады. Үш шақтан да үмітті 80 жастағы Дина әже маңызды тарихи кезеңде қалай өмір сүргенін баяндайды.
"Әжемнің әңгімесін" кім, не үшін тыңдауы керек? Сіздің ата-әжеңіз бар ма? Оның ертегісін, әңгімесін, кеңесін тыңдап өстіңіз бе? Егер ата-әжеңізді көрмеген болсаңыз, менің әжемнің әңгімесі бәріне ортақ. Себебі ол сіздің ата-әжеңіздің замандасы, бір қоғамда, бір тарихи кезеңде өмір сүрген.
Эпизодта Қарақат Әбілдинаның орындауындағы "Асыл әжем" әнінің әуені қолданылды.
"Русское радио" жүргізушісі Күнту Арынбек пен журналист Айгерім Амалбекке жобаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.Подкаст көңіліңізден шықса, қолдау көрсетіп, пікір жазып қалдыруға рұқсат.
Тыңдарманға деген құрметпен Дина әженің немересі - Дана Маратова. Әдемі әңгімелер көп болсын!
Ұсыныс пен пікір қалдыру үшін:
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +77756507327; +905528990569
https://www.instagram.com/ajemnin_angimesi/
https://www.instagram.com/mara_zho/