Жұлдызды түн

Жұлдызды түн

By Qazaq RadiolaryArts
Download on the App Store

Жұлдызды түн episodes

  • Ақын Ақберен Елгезектің өлеңдері мен лирикалық әндері
    Ақберен Елгезек – 1980 жылы, 24 қаңтар күні, Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері.

    «Көлеңкелер күбірі» атты өлеңдер жинағының және "Болмаған балалық шақ" повесінің авторы.

    Ақынның шығармалары баспасөз беттерінде, сайттарда жарияланған

    Ақберен Елгезек 1980 жылы дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері. «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі» атты жыр жинағы жарық көрген. Иван Бунин, Дмитрий Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер шығармаларын аударған. 2001 – 2003 ж ж. – Алматы қалалық Iшкi саясат департаментiнiң бас маманы. 2003 – 2004 ж ж. – ҚР Ұлттық инженерлiк академиясы Президентiнiң кеңесшiсi. 2004 – 2008 ж ж. – Алматы қаласының Ақпараттық-талдау орталығының директоры. 2009 ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi жастар ұйымдарымен жұмыс iстеу бөлiмiнiң бастығы. 2009 – 2010 жж. – ДҚҚ қарасты «Атажұрт» баспасының бас редакторы. 2010 – 2011 ж ж. – «Бөбек» ҰҒПСО-ның Адамды үйлесiмдi дамыту институтының директоры. 2011 ж. – «Бөбек» ҰҒПСО-ның Бас директоры мiндетiн атқарушы. 2012 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның вице-президенті. Қазіргі таңда ult.kz интернет басылымының бас редакторы.
    58 min
  • Қазақтың көрнекті ақыны Нұрғожа Ораздың шығармашылығы
    Нұрғожа Нарынбайұлы Ораз

    «Сарыарқа» әдеби – көркем, қоғамдық – саяси журналының бас редакторы, ақын, прозашы, журналист- публицист, қоғам қайраткері. 1964 жылы Алматыда Нұрғожа Ораздың «Тұңғыш кітап» («Первая книга») қарапайым атымен алғашқы жинағы шықты. Соңғы жылдары Алматы басылымдарында Нұрғожа Ораздың «Кім табады?» «Кто угадает?» (книжка-загадка для детей), «Шұғыла» («Радуга»), «Қөңіл көктемі» («Настроение») кітаптары жарық көрді. Н. Ораз тұңғыш рет қазақ кеңес поэзиясында Л. М. Картаузовтың «Тың түлегі» («Парень с целины») поэмасында, Н. Малгаждаровтың «Қырандар ұясы» («Орлиное гнездо») поэмасында Социалистік Еңбек ерлерінің көркемдік бейнесін қалыптастырды. Ақын 50 жас мерейтойында «Тың ырғақтары» («Целинные напевы») бір аттас шығармасын шығарды, онда бұрынғы өлеңдері және поэмаларымен қатар, жаңа шығармалары басылып шықты. Содан соң «От кешкен балалық» («Детство, опалённое огнём») кітабы жарық көрді. Кітаптары: «Достар хаты» («Письма друга») – 1968 жылы шыққан алғашқы шығармасы, «Жауқазын шақ» («Молодость подобна подснежнику», 1980), «Таңдау» («Выбор», 1984). Н. Ораз өзін драматургияда көрсете алды. Бұл жөнінде оның «Қиядағы қақтығыс» («Столкновение в дали») және «Армысың, таңым» («Здравствуй, заря моя») пьесалары куә. Нұрғожа Ораз Қазақстанда публицист, деректі жанры, проблемалық очерктің шебері атағына ие болды. Оның дарыны «Дала демі» («Дыхание степи») деректі проза кітабында айқын көрінді



    .
    59 min
  • Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған поэзия сағаты
    Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Мағжан қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән (“Сүй, жан сәулем”, т.б.). М.Жұмабаев – әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі (“Айда атыңды, Сәрсембай”, “Шойын жол”). Ол техникалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.
    52 min
  • Қасымхан Бегманов (2-бөлім)
    Қасымхан Бегманов Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының, Халықаралық жазушылар мен публицисттер қауымдастығының мүшесі.
    Тәуелсіз халықаралық «Ильхам» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері.
    59 min
  • Қасымхан Бегманов (1-бөлім)
    Қасымхан Бегманов Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының, Халықаралық жазушылар мен публицисттер қауымдастығының мүшесі.
    Тәуелсіз халықаралық «Ильхам» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері.
    56 min
  • Рахат Әбдірахманов (2-бөлім)
    Әбдірахманов Рахат Ермекұлы 1979 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты қазіргі Тоқтар Әубәкіров атындағы ауылда туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі.

    2006 жылы Қарағанды қаласындағы «Санат» баспасынан «Әдемі менің әлемім» атты, 2009 жылы «Жалын» баспасынан «Жанымның жазба нұсқасы» атты жыр жинақтары жарық көрген.
    57 min
  • Рахат Әбдірахманов (1-бөлім)
    Әбдірахманов Рахат Ермекұлы 1979 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты қазіргі Тоқтар Әубәкіров атындағы ауылда туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі.

    2006 жылы Қарағанды қаласындағы «Санат» баспасынан «Әдемі менің әлемім» атты, 2009 жылы «Жалын» баспасынан «Жанымның жазба нұсқасы» атты жыр жинақтары жарық көрген.
    57 min
  • Қадыр Мырза Әлі
    Талантты ақын Қадыр Мырзалінің шығармашылығына арналған хабарда,ақынның әр жылдары жазған таңдаулы лирикалық жырлары
    оқылып,тақырыпқа сай әнге өрілген өлеңдері беріледі.
    57 min

About Жұлдызды түн

From the publisher's feed

Бағдарламада Ұлттық поэзиямыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келген және еңбек етіп жатқан, жыр алыптарының үркердей тобына жататын санаулы қайраткерлерінің,сонымен қатар,жас ақындардың – сезім…