Кәкімбек Салықовтың «Жезкиік» кітабы жетпісінші жылдардың басында, ақынның жас кезінде жарық көріпті. Жас ақынның жыр жинағын «Қазақфильмде» түсірілген жаңа фильмді талқылап отырған Нұрғиса Тілендиевке бір інісі «мына өлеңді оқып көріңізші» деп қолына ұстатады. Композитор бір көз жүгіртіп шығады да, қасында отырған зайыбы Дариғаға «жүр, кеттік» деп, ай-шайға қарамастан, асығыс орнынан тұра жөнеледі. Кейіннен белгілі болғандай, қайталанбас талант иесіне:
– Сұлуды адам жаны қимайды екен,
Беймезгіл еске түсіп қинайды екен.
Жезкиік, сені аңсаған кездерімде,
Мен мынау кең далаға сыймай кетем, –
деген өлең жолдары қатты әсер еткен көрінеді...