Қазақ радиосы ашылғаннан бастап шешендік сөздер арнайы айдармен беріліп тұрған деген дерек бар, өкініштісі, ол таспалар сақталмаған. 1948 жылдан бастап фольклорға қатысты Қазақстан төңірегінде жүргізілген түрлі экспедицияларда сол кездегі сапасы төмен магниттік лентаға көпті көрген көнекөз қариялардың шешендік өнер жайындағы сұхбаттары жазылған. Сол таспалардағы шешендік сөздер 2002-2004 жылдары Қазақ радиосы дикторларының оқуында жаңартылып, тыңдарманға жол тартты. Атадан қалған асыл сөз – уақыт өткен сайын құны арта түсетін мирас.