– Сен, қарға, бар! Бір түнде жер-дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын, түрі аппақ құс тап. Бұл құсты үйдің бас жағындағы терезеге отырғыз. Таң атқанда бұл құс мені сайраған дауысымен оятсын! Сен, кірпі, жердің жүзін тінтіп, маған бір жұмсақ нәрсе тап, бұл нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме таяу қой! Құс сайрағанда оянып, қапасқа қарай бергенде, бетім бұл нәрсеге тисін, – депті.