Нұх пайғамбардың әуелгі аты Жәскер еді. Көп жылағандықтан, «Нұх» атанып кетіпті. Оның қауымы жаманға дос, жақсыға қас боп шыға келетін кілең кертартпа болды. Шалдарының аузының дуасы жоқ, малта езер мылжың. Ересектері ерегіс десе, етігімен жата кететін. Қатындары өсек айтудан аузы босамайтын. Кісіге жала жабу үйреншікті іс болды. Жастары шетінен қыңыр, қырсық. Надандықтан құтылуға тырыспайтын. Бас қосса, «Жақсының жағасынан алдым» деп мақтанатын. Жыл он екі ай өнбейтін дау қуатын.