Сүлеймен пайғамбарға Алла тағала жер бетіндегі жортқан аң, ұшқан құс, судағы балықтың тілін білетін қасиетті дарытыпты. Ол сыртқа шықса, тау, тас, ағаштар өздерінен хабар беріп, кәдеге жаратуын сұрап тұратын. Біреуі «менде алтын, күміс бар, соны ал» десе, енді біреуі «қойнымда інжу, жақұт жасырылған, игілігіңе жарат» дейтін. Сүлеймен жастайынан шешендігімен, даналығымен көзге түседі.