Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • Мұстафаның дауысын сақтаған Уәли Қаюм-Хан сұхбатында не айтты?
    Азаттық радиосы Мұстафа Шоқай туралы совет пропагандасына қалай қарсы тұрды? Шоқайды "өлтіртті" деген түркістаншы Уәли Қаюм-Хан Азаттыққа ол жайлы не деді? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының кезекті эпизодында радионың бұрынғы қызметкерлері осы туралы еске алды. Уәли Қаюм-Хан Мұстафаның жаназасына қатысқан жалғыз түркістандық екенін айтқан.
    12 min
  • "Үйде сөйле". Жертөледегі тіл клубы
    Алматы аулаларының бірі. Жертөледегі аядай бөлмеге он шақты адам жиналып, дастарқан жайып, шайға отырды. Бұл – "Үйде сөйле" клубы. Жұрт шай ішіп отырып, тіл үйренеді. Бүгінгі эпизодты көршілеріне қазақ тілін үйретіп жүрген Лайхат Төребайқызы мен Александра Мыскинаға, олардың тіл клубына арнаймыз.
    24 min
  • Мұстафа Шоқайдың үні Қазақстанға Азаттық радиосы арқылы жетті
    Азаттық Мұстафа Шоқайдың дауысын эфирден қазақ аудиториясына таратып, Қазақстанға да алғаш жеткізген. Радиода сақталған Мұстафа жайлы деректерде не айтылған? "Азаттық радиосы – 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы туралы айтамыз.
    19 min
  • Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 14-эпизодында Ашаршылық, қуғын-сүргін, кәмпескелеу, соғыс, Совет Одағының саясаты қазақтың санасы мен психологиясына қалай әсер еткенін талқыладық. Подкасымыздың осыған дейінгі эпизодтарында психологтер "қазақ аштық, соғыс, қиындық көрген халық қой, сол оқиғаның бәрі қоғамның психикасына әсер етіп келе жатыр" дегенді жиі айтты. Сондықтан подкасымыздың бір эпизодын тарихи оқиғалардың қоғам психикасына әсері туралы тақырыпқа арнап отырмыз. Эпизод сарапшысы – сот-психологиялық сараптамасы, психикалық жаралар, экзистенциялық және топтық психотерапия бойынша маман, психолог және криминолог Нұргүл Молдабайқызы.
    43 min
  • Қазақстандағы алғашқы Zero Waste дүкені. Пластиксіз әлем
    Zero Waste – қалдық шығармауға немесе қалдықты барынша аз шығаруға, заттарды жауапты тұтынуға бағытталған принциптер топтамасы. Қазақстанда сол принципке негізделген алғашқы экодүкен бар. Zero Waste-тің танымал бес формуласы бар: (5R) бас тарт, қысқарт, қайта қолдан, қайта өңде және компоста.
    21 min
  • Ашаршылықтың 60 жылдығы. Назарбаев бармай қалған шара
    Ашаршылыққа 60 жыл толған күннің ертесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болып сайланғанына алты ай болған еді. Бұл 1992 жылғы 31 мамыр болатын. Бірақ Ашаршылық құрбандарын еске алу шарасына Назарбаев қатыспады. Подкастың бүгінгі эпизодында осы туралы айтамыз.
    18 min
  • "Аннексия" және "тарихты бұрмалау". Қазақ ССР-і Ресейге қосылғанының мерейтойын тойлап жатқанда, Азаттық "бодандық" туралы айтты
    Қазақстанда "Ресейге өз еркімен қосылудың 250 жылдығы" тойланғанда, Азаттық Ресей аннексиясы туралы сөз қозғады. Азаттық 1981-83 жылдары Қазақстанның Ресей бодандығына өтуі туралы тізбекті хабарларды жиі берген. Онда тарих бұрмаланғаны, коммунистік идеологияға бейімделіп өтірік жазылғаны айтылды.
    17 min
  • "Қоғам баланы педофилден қорғамайды, өзін кінәлі қылады". Қызы зорланған ананың жанайқайы
    Жасөспірім қыз құрбысымен қаннен-қаперсіз қонаққа барғанда бейтаныс еркектің зорлығына тап болады. Сол оқиға оның өмірін тас-талқан етті. Анасы қызы зорланғанын дәлелдей алмай, күресіп жүр. Үнсіз тынып, көндігіп жүргендер қаншама? Бұл эпизод зорлыққа ұшыраған балалар мен аналардың күресі жайлы.
    27 min
  • "Неге қоқыс жинап жүрсің деп сұрайды". Қалдық сұрыптау не үшін керек?
    Қалдық немесе қоқысты сұрыптау дегеніміз – қалдықты тегіне және жарамдылығына қарай жинақтау. Ол өңделетін қоқысты өңделмейтінінен ажыратып, ресурсты үнемдеуге және табиғатты ластамауға көмектеседі.
    20 min
  • "Жеңіс емес, Аза күні". Мерекенің мәні және эфирде оқылған Шоқай туралы өлең
    "9 мамыр - Құран көтеріп, дұға оқитын күн. Ал соғыстағы боздақтардың өліміне тек фашистік Германия ғана емес, совет генералдары да кінәлі". 90-жылдары Азаттық Екінші дүниежүзілік соғысқа осындай баға беріп, "Түркістан легионы" ақындарының өлеңдерін жариялаған. Бұл эпизодта осы туралы айтамыз.
    26 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners