Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • Күйзеліске түспес үшін не істеу керек? Депрессиядан қалай шығамыз?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 11-эпизодында психолог Жанар Оспановамен депрессия тақырыбын қозғадық. Адам депрессияға түскенін қалай біледі? Депрессиядан қалай шығамыз? Депрессия, стресс, апатия деген не? Антидепрессант депрессиядан шығуға көмектесе ме? Осы және депрессия тақырыбының айналасындағы басқа да сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыздар.
    34 min
  • Желтоқсанның 5 жылдығында Назарбаевтың риторикасы өзгерді
    Желтоқсан кезінде Қазақ ССР министрлер кеңесін басқарған Назарбаев арада бес жыл өтіп, Қазақстан тәуелсіздік жариялаған күні не деді? Оның риторикасы қалай құбылды? Осының барлығы Азаттық архивінде аудио және фото күйінде қатталған. Қызық болса, "Азаттық – 70" подкасының 3-эпизодын тыңдаңыз.
    28 min
  • "Сол күні Батыс ақпарат құралдарындағы басты хабар Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы болды"
    Азаттық радиосы үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы маңызды тақырыптардың бірі болды. Әсіресе оқиғадан кейінгі бес жыл ішінде Азаттық радиосы бұл тақырыпты жан-жақты қырынан талдауға тырысты. Оқиға туралы алғашқы хабар эфирге қалай берілді? Желтоқсан оқиғасының Азаттықтағы көрінісі қандай болды?
    30 min
  • Азаттық радиосы қалай құрылды?
    Бүгін – Азаттық радиосының алғашқы хабары эфирге шыққан күн. "Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасында апта сайын Азаттықтың тарихына саяхат жасаймыз. Қазақстанда және дүниежүзінде болған тарихи оқиғаларға Азаттықтың берген бағасын талдаймыз. Алғашқы хабар тақырыбы: Азаттық радиосы қалай құрылды?
    21 min
  • "Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасын тыңдаңыз
    Сананың азаттығы. Құқық үстемдігі. Эмиграциядағы журналистика. 70 жылда Азаттық өткерген тарих пен атқарған миссия қандай? Бұл туралы "Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасынан тыңдаңыз. Онда Азаттық туралы Азаттықтың өзі айтады. Жақында барлық платформаларда подкастың алғашқы эпизоды жарияланады.
    2 min
  • "Балаларымды көп ұрамын". "Ата-анам арақты көп ішеді, бастаған ісім өнбейді". Тыңдарман сауалдарына жауап
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 10-эпизодында психолог Сая Бақимова тыңдарманнан келген сауалдарға жауап берді. Бұл эпизодта оларды мазалаған "Балаларымды көп ұрамын, не істесем болады", "Ата-анамның екеуі де арақ ішеді, қалай қойдыра аламын", "Бастаған ісім өнбейді, TikTok-та көп отырамын, қалай қоямын", "Жаңа ортаға барсам, сөйлей алмай қаламын, не істеймін?" деген сауалдарды кеңірек талқыладық. Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыздар.
    34 min
  • "Қазақ үшін бақыт – жұртқа "бақытты" болып көріну". "Бақыт" фильмінің сценарисі Әсем Жәпішевамен сұхбат
    Жақында қазақстандық "Бақыт" фильмі үлкен экранға шықты. Атауы "Бақыт" болғанымен, ондағы кейіпкерлер – бақытсыз күй кешкен жандар. Фильм сценарийін жазған Әсем Жәпішевамен бақыт ұғымы жайында сөйлестік. Сіз де ой қосыңыз.
    26 min
  • "Жылау, жоқтау қайғыны жеңуге көп көмектеседі". Ауыр қазаны қалай еңсереміз?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 9-эпизодында психолог, гештальт-терапевт Гүлзат Асановамен жақынынан айырылғандағы ауыр қазаны еңсеру тақырыбын талқыладық. Басқа түскен қайғыны қалай еңсереміз? Қайғыдан ішқұса болып кетпеу үшін не істей аламыз? Жақынынан айырылған соң туыстар бір-біріне қалай қолдау көрсетуі керек? Баласынан айырылған ата-ана қайғыдан қалай оңала алады? Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыз.
    42 min
  • Феминизм ел айтқандай қорқынышты ма?
    "Шал, кет!" деген ұранды кім шығарды? Әйелдер маршы не үшін керек? Түрлі топтың құқықтарын қорғауға келгенде неге алалауға жол береміз? Азшылық құқының басқалардікінен не айырмасы бар? Бұл жолы "Зереде" "Феминита" қозғалысын құрушылардың бірі Гүлзада Сержанмен осы мәселелер жайында ой өрбіттік.
    29 min
  • Өлім мен жалғыздықтан неге қорқамыз? Қатты үрей мен қорқынышты қалай жеңеміз?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 8-эпизодында психология магистрі Гауһар Қапашевамен бірге шамадан тыс қорқыныш пен үрей тақырыбын талқыладық. Адам өз бойын билеген қорқыныш пен үрейді қалай жеңе алады? Үрей мен қорқыныш көп болса, өмірімізге қалай әсер етеді? Бала есейгенде қорқыныш пен үрейі басым болмау үшін не істеуі керек? Адам баласы өлім мен дерттен не үшін қорқады? Жалғыз қалудан қорқудың астарында не жатыр? Міне, осы сауалдарға психологтен жауап алдық. Эпизодты Азаттық сайтынан, YouTube-тегі арнамыздан я Apple Podcasts, Google Podcasts платформаларынан тыңдай аласыз.
    47 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners