Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • Психологқа бару ұят па? Психолог мәселемізді қалай шешеді? - "Жаншипа" подкасты
    Азаттықта жаңа жоба. Сіздің назарыңызға "Жаншипа" психологиялық подкастын ұсынамыз. Азаттық психологиялық подкасты не үшін бастап отыр? Қазақстан суицид бойынша әлемде ондыққа енетіні, елде ажырасу да көбейіп кеткені жайлы жиі айтылады. Психолог мамандар адамның ішкі жан дүниесін реттейтін, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектесетін бірден-бір құрал психология дейді. Демек подкастымызда бала тәрбиесі бастап отбасындағы қарым-қатынас, жүрек тыныштығы, жан-дүниедегі гармония, суицидті алдын алу, депрессия, стресс, уайым сияқты тақырыптардың бәрін қозғаймыз. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек.
    "Жаншипа" подкастының алғашқы эпизодында жалпы психология тақырыбы қозғадық. Психологқа бару ұят па? Психологқа қай кезде бару керек? Психология адамға қалай көмектеседі? Осы сауалдарға психоаналитик, психоаналитик, Халықаралық психоанализ қауымдастығының мүшесі Жұлдыз Төлеу жауап берді.
    24 min
  • Қазақ сериалы NetFlix-ке қашан шығады? Salem Social Media-да пропаганда бар ма?
    "Бастаңғыда" қазақ сериалдарын талқылаймыз. Подкаст қонақтары Salem Social Media компаниясының креативті продюсері Перизат Мырзахмет және сценарист Ерлан Сұлуханмен бірге қазақ сериалы әлемдік стриминг сервистерін бағындыра ала ма, SSM компаниясы өнімдерінде пропаганда бар ма, неге сериалдарда бейпіл сөздер көбейіп кеткен және заманауи қазақ музыкасы мен қазіргі сериалдардың айырмасы қандай деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Одан бөлек талай өзекті тақырыптар қамтылды.
    54 min
  • Қазақстанға да санкция салына ма? Дефицит бола ма? Теңге құнсыздана ма? | Бастаңғы
    "Бастаңғыда" Украина-Ресей соғысы, Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері жағын талқылады. Қонақтарымыз - саяси экономист Қайрат Молдашев, макроаналитик Аягөз Қанетова. Қазақстанға санкция салына ма, Ресейге салынған санкциялар кесірінен Қазақстанда тауар дефициті бола ма, теңге қаншалықты құнсызданады деген және басқа да маңызды сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
    1 hr 17 min
  • Тоқаевтың "Жаңа Қазақстаны" қандай болуы керек? Ескі әдістермен жаңа Қазақстан құра аламыз ба?
    "Бастаңғыда" президент Тоқаев айтатын жаңа Қазақстан қандай болуы керегін талқылап көрдік. Қонақтарымыз - белсенді Камилла Мюллер және мұғалім, Ұлттық кеңес мүшесі Қайсар Тұрсынқожа. Билік келтірген деректер мен айтқан уәделеріне сенуге бола ма, жаңа Қазақстанды ескі құраммен жасай ала ма, сол баяғы науқаншылдыққа ұрынбаймыз ба, полициядағы азаптаулар жайлы қазіргі естімей-білмей отыр ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
    1 hr 18 min
  • Назарбаев дәуірі аяқталды ма? Қазақ тілі либерал құндылықтар тіліне айналды ма?
    “Бастаңғыда” тәуелсіздіктің 30 жылын қорытындылаймыз. Қонақтарымыз - дінтанушы Асылтай Тасболат пен заңгер Әйгерім Құсайынқызы. Біз "тәуелсіздік алуға ұмтылдық па?", "Назарбаев дәуірі қоғамды қалай өзгертті?", "тіл проблемасы неге әлі шешілмеді?" деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
    59 min
  • Қарызға криптовалюта алатындар көп пе? Майнерлердің көбейгені жақсы ма, жаман ба? Блокчейн
    "Бастаңғыда" соңғы уақытта трендке айналып кеткен криптовалюта, майнинг, блокчейн деген ұғымдардың түбіне үңіліп көреміз. Қонақтарымыз - программист Данияр Мұқанов пен қаржыгер Индира Малһарқызы. Біз "криптовалютадан ақша табуға бола ма?", "Қытайдан Қазақстанға келген майнерлер "светтің" өшуіне әсер етті ме?", "Блокчейн технологиясы болашағымызды қалай өзгертеді?" деген ауыр сұрақтарға жауап іздеп көреміз.
    53 min
  • Молодежь и политика | Слежка за активистами | Самоцензура
    В премьерном выпуске подкаста «Бастаңғы» на русском языке обсуждаем молодежный активизм в Казахстане. Мы говорим о гражданской позиции, ищем ответ на вопрос о том, эффективны ли митинги, рассуждаем, почему многие боятся открыто высказать свое мнение. Гостями студии стали участники движения «Oyan Qazaqstan» – редактор MasaMedia Бейбарыс Толымбеков и активист Дархан Шарипов.
    56 min
  • Қаңтар көтерілісінен кейін өзгеріс бола ма, жоқ па? Билік оқиғадан қандай сабақ алды?
    "Бастаңғыда" Алматыдағы қантөгіске ұласқан "Қаңтар көтерілісі" не себепті болды, билік одан сабақ алды ма, террористер болды ма, жоқ па, өзгеріс болады деп үміт артуға бола ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Студия қонақтары - Нұрбек Матжани мен Бэлла Орынбетова.
    58 min
  • Полиция митингіге шыққандарды неге ұрып-соқты, азаптады? Халық полициядан қорқа ма?
    "Бастаңғыда" Қаңтар көтерілісі кезінде тергеу изоляторларына түскен мыңдаған адамның ұрылып-соғылғаны, азап көргені жайлы талқылаймыз. Студия қонақтары - белсенді Дәурен Достияров, құқық қорғаушы Айна Шорманбаева. Біз полицияда ұрып-соғу, азаптау дәстүрі қашаннан бері келе жатыр, ол сала өзгеруге құлықты ма, полициядағы реформаны неден бастау керек деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
    48 min
  • Әншілер саясат жайлы пікір айтудан қорқа ма? Олар "Қаңтар көтерілісі" жайлы не ойлайды?
    "Бастаңғыда" өнер адамдары саясат жайлы пікір айтудан қорқа ма деген тақырыпты талқыладық. Студия қонақтары - әншілер Есболат Беделхан және Назерке Серғазина. Сондай-ақ, әншілер "Қаңтар көтерілісі" жайлы не ойлайды, елде өзгеріс болады деп күте ме және соңғы жылдары қоғамның көзқарасын өзгерткен өнер туындылары болды ма деген сұрақтарға да жауап іздеп көрдік.
    57 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners