Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • "Көлікке атылған жалғыз оқ әйелімнің басына тиген". Қаңтарда әйелінен айырылған Нұрсұлтанның әңгімесі
    "Зеренің" бүгінгі қонағы – Нұрсұлтан. 41 жастағы азамат Қаңтар оқиғасы кезінде әйелі – Жанарадан айырылып қалды. 7 айлық баласына дәрі іздеп шыққан отбасының көлігіне бір ғана оқ тиген. Сол оқ 35 жастағы Жанараның басына тиген. Нұрсұлтан төрт баласымен жалғыз қалды. Бұған дейін пәтер жалдап тұрып жатқан отбасыға билік пәтер берген. Дегенмен "қанша үй берсін, қанша миллион берсін, әйелімнің орнын баспайды ғой, Жанарыммен пәтер жалдап тұрғаным артық еді" дейді Нұрсұлтан. Бұл – бұған дейін журналистермен кездескісі келмеген азаматтың алғашқы сұқбаты. Ол әйелінің де, өзінің де фамилиясын атамауымызды өтінді.
    16 min
  • "Жеке шекарасын қорғай алмайтын адам мазасыз болады". Жеке шекарамызды қалай қорғаймыз?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 7-эпизодында кәсіби психолог Гүлнұр Сапаровамен адамның жеке шекарасы жайлы әңгіме өрбіттік. Адам жеке шекарасын қалай қорғайды? Адам жеке шекарасы бұзылғанда қалай әрекет етуі керек? Адамның жеке шекарасын кім бұза алады? Баланың жеке шекарасын қалай қалыптастыра аламыз? Міне, осы сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast, Google podcast платформасынан тыңдай аласыз.
    29 min
  • Комплимент пе, харассмент пе? Қалай ажыратамыз?
    "Зеренің" 3-эпизоды харассмент жайлы. Жаңа келген термин адамдарға еркінен тыс физикалық қысым жасау, жағымсыз сөзбен тиісіп, жеке шекарасын бұзу дегенді білдіреді. Дегенмен, жігіттер қызға қырыңдауда тұрған ештеңе жоғын айтады. Ал қыздар мұның соңы зорлыққа әкелетінін айтып, дабыл қағады.
    38 min
  • "Балаға бастық боласың деу - өте үлкен қысым". Адам өз бағасын қалай көтере алады?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 6-эпизодында практик психолог Дина Байділдаевамен "адамның өз-өзін бағалауы" (самооценка) жайлы әңгіме өрбіттік. Бұл эпизодта "адамның өзін-өзі бағалауы деген не?", "адамның өзін-өзі бағалауы қалай қалыптасады?", "адам өзін бағалауы төмен болса өмірге қалай әсер етеді?", "адам өз бағасын қалай көтере алады?" деген сауалдарға жауап іздедік. Эпизодты Youtube арнамыздан я Apple podcast, Google podcast платформасынан да тыңдай аласыз.
    33 min
  • "5 жасымда 18 жастағы жігіт зорлады". Зорланғаны жайлы кітап жазған Ләззат Рақышеваның хикаясы
    Ләззатты алты жасқа толатын жылы көршісі зорлаған. Анасынан ерте айырылған, әкесі жұмыстан қолы босамаған бүлдіршін қорыққаннан ешкімге айта алмаған. Ауырған, жақындары емшіге апарған. Бірақ жан жарасын жаза алмаған. Ләззат кейін басынан өткен оқиғасы жайлы кітап жазды. Бүгінде бақытты әйел, аяулы жар, көп балалы ана және заңгер Ләззаттың әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз. Тыңдап, ой бөлісіңіздер.
    41 min
  • Психологиялық тұрғыдан ересек адам деген кім? Адамға өз эмоциясын тану қаншалықты маңызды?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 5-эпизодында практик психолог Жанат Қалиевпен "психологиялық тұрғыдан есейген адам деген кім?", "адам балалықтан ересек өмірге қалай өтеді?", "адам дене сезімі мен ішкі сезімін қалай сезінуі керек?", "эмоцияны тану қаншалықты маңызды?" деген сауалдарға жауап іздедік. Эпизодта айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынамыз. Ал эпизодттың толық нұсқасын Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast платформасынан тыңдай аласыз.
    27 min
  • "Зорлады, ішімнен ұрды, баламыздың түсіп қалғанын қалады". 21 жастағы Аружанның хикаясы
    25 қараша – әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтату күні. Халықаралық деңгейде аталып өтіледі. Осы күнге орайластырып, Азаттық әйел құқығы жайлы "Зере" подкастын бастады. Алғашқы эпизодымыздың кейіпкері – "алып қашу құрбаны болдым, зорландым" деген 21 жастағы Аружан. Анасының көндіруімен өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шыққан бойжеткенің әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз. Тыңдап, ой бөлісіңіздер.
    26 min
  • Бала тәрбиесіндегі маңызды ережелер. Баланы ұру, жұрттың баласымен салыстырудың зияны қандай?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 4-эпизодында практик психолог Назигүл Темірғалиевамен бірге бала тәрбиесі туралы сөз қозғадық. Психологиялық тұрғыдан мықты адам болу үшін баланы қалай тәрбиелеу керек? Баланы ұрудың зияндары қандай? Баланы ата-әжесінің тәрбиесіне беруге бола ма? Балаңыз ұялы телефонда көп отырса не істеу керек? Бала тәрбиесінің алтын ережелері қандай? Міне осы сауалдарға жауап іздедік. Эпизодта айтылған негізгі ойларды қысқаша ұсынамыз. Ал эпизодттың толық нұсқасын Азаттық сайтынан, Youtube арнамыздан я Apple podcast платформасынан тыңдай аласыз.
    38 min
  • Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Ата-анаға, туысқанға деген өкпеден қалай арылуға болады?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының үшінші эпизодында өкпе-реніштің адам өміріне әсерін талқыладық. Өкпе-реніш адам өміріне қалай әсер етеді? Өкпе-реніштен қалай арыламыз? Өкпе-реніштен арылсақ өміріміз жеңілдей ме? Ата-анаға деген өкпе ренішті қалай кешіреміз? Бұл сауалдарға 21 жылдық тәжірибесі бар гештальт терапевт, практик психолог Ләззат Нұрпейісова жауап береді. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек. Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.
    39 min
  • Бала кезде алған жан жарасы деген не? Ол ересек өмірге қалай әсер етеді?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының екінші эпизодында психологиядағы ең маңызды әрі кейінгі кезде көп айтылып жүрген "бала кезде алған жан жарасы" мәселесін қозғадық. Балалық шақта алған жан жарасы деген не? Ол есейгенде адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл психожарақатты қалай емдейміз? Бұл сауалдарды осы мәселемен жұмыс істеп жүрген психолог Ақзипа Сердалиевамен талқыладық. Подкаст авторы – Азаттық тілшісі әрі психологияны екінші мамандығы ретінде оқып жүрген Руслан Меделбек.
    Подкасты Apple Podcast, Spotify платформаларынан да тыңдай аласыз.
    35 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners