Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • Тоқаевтың "реформасынан" кейін не өзгереді? Парламент тарай ма? | Бастаңғы
    "Бастаңғыда" Тоқаев жариялаған "саяси реформалардан" кейін қандай өзгеріс болуы мүмкін екенін талқылап көрдік. Қонақтарымыз - белсенді Тоғжан Қожалиева және саясаттанушы Арман Әмір. Тоқаевтың жолдауынан кейін парламент тарай ма, президент сайлауы бола ма, билік суперпрезиденттік модельді өзгерткісі келе ме және Назарбаев дәуірі осымен аяқталды ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
    1 hr 9 min
  • Суицид ауру ма, таңдау ма? | Неге ер адамдар суицидтен көп өледі?
    Бұл жолы "Бастаңғыда" суицид тақырыбын қозғадық. Қонақтарымыз психолог Назыгүл Әбілахатқызы мен құқық қорғаушы Мөлдір Албанмен бірге суицидтің негізгі себептеріне үңіліп көрдік. Өзіне қол жұмсайтындар неге көп, жасөспірімдер неліктен суицидке барады, отбасыдағы тәрбие арқылы суицид проблемасын шешуге бола ма деген сұрақтарға да жауап іздедік.
    55 min
  • TikTok контенті балаларға зиян ба? Неге ол жақта бейпіл видео көп?
    "Бастаңғыда" TikTok деген не, онда неге бейпіл контент көп, қазақша TikTok бар ма өзі деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Сондай-ақ TikTok видеолары жас балаларға зиян ба, тиктокерлер саяси тақырыптарды көтере ме деген мәселелерді талқыладық. Қонақтар - тиктокер Елдос Айтуғанов, медиа маманы Мөлдір Өтегенова.
    59 min
  • Қазақтың тойы бренд пе, понт па? Пандемия тойды өзгертті ме? Той индустриясы бар ма?
    "Бастаңғыда" қазақтың тойы жайлы әңгіме айттық. Пандемия тойды өзгерте алды ма, қазіргі той ысырапшыл ма, неге бейәдеп ойындар ұйымдастыратын асабалар көбейіп кетті, қазақтың тойы брендке айнала алды ма деген сұрақтарға жауап іздедік. Бұл сұрақтарды қонақтарымыз - тойды зерттеп жүрген антрополог ғалым Динара Әбділдә және асаба Болатбек Оразбаевпен бірге талқыладық.
    58 min
  • "Назарбаев - ең бай адам", "Қазақстанда жемқорлықты заңдастырып қойған"
    "Бастаңғының" бұл жолғы тақырыбы - жемқорлық. Халықтың жемқорлыққа еті үйреніп кеткен бе, қалай Назарбаев және оның отбасы Қазақстанның ең бай адамдарына айналды, жемқорлыққа кедергі келтіретін қандай заңдар бар деген сұрақтарға жауап іздедік. Қонақтарымыз - зерттеуші Ғалымжан Оразымбет және журналист Мият Кәшібай.
    57 min
  • Шетелге көшу, Еуропадағы дискриминация, экологиялық мигранттар
    "Бастаңғыда" шетелге көшу тренд пе, әлде жай медиа шу ма деген тақырыпта әңгімелестік. Қонақтарымыз Нидерланд елінде тұратын урбанист Тина Байнақова мен Қазақстанда тұратын дизайнер Ілияс Жолдасбаймен бірге шетелге көшудің қыр-сырын талқыладық. Шетелге көшу оңай ма, шетелге кетіп жатқан қандай мамандар, Еуропа құшақ жая қарсы ала ма, әлде ол жақта да көшіп келгендерге қырын қарайтындар көп пе, Қазақстаннан қара жұмыс іздеп көшетіндер көбейде ме деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
    1 hr
  • Қаңтар көтерілісінен кейін өзгеріс бола ма, жоқ па? Билік оқиғадан қандай сабақ алды?
    "Бастаңғыда "Алматыдағы қантөгіске ұласқан "Қаңтар көтерілісі" не себепті болды, билік одан сабақ алды ма, террористер болды ма, жоқ па, өзгеріс болады деп үміт артуға бола ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Студия қонақтары - Нұрбек Матжани мен Бэлла Орынбетова.
    52 min
  • Әйел қорқынышы | Қазақ ЛГБТ-ға қарсы болған ба? | Қазақ мәдениетін алға жылжытқан зумерлер
    "Бастаңғы" подкастының алғашқы шығарылымында жастардың эмиграциялық көңіл күйі жайлы, көзқарастары мен құндылықтары туралы, саясатқа неге араласқысы келмейтіні және даулы феминизм / ЛГБТ тақырыбы туралы талқылау болды. Подкасттың қонақтары - жас журналист Дастан Аққожа және болашақ мұғалім, студент Жанболат Сәбитов.
    54 min
  • Қытайдан келген студент Гүлман Гүміштің пікірі
    Атыраудағы Халел Досмұхамедов атындағы мұнай және газ университеті ректорының «Қытайдағы қазақ диаспорсының өкілдеріне жеңілдік жасаймыз» деген шақыртуымен келген студенттер «алданып» қалғандарын және отбасыларымен бірге қаржылай қиындыққа тап болғандарын айтады. Гүлман Гүміштің пікірі.
    1 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners