Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • "Ашулана алмаған адам қуана да алмайды". Эмоциялық сауаттылық деген не?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 13-эпизодында практик психолог Әсел Садумен эмоциялық сауаттылық тақырыбын қозғадық. Эмоциялық сауаттылық деген не? Эмоциялық сауатымызды қалай ашамыз я қалай дамытамыз? Адам эмоциясын қалай таниды? Ашуды қалай қауіпсіз шығара аламыз? Міне, маманмен осы сауалдарға жауап іздедік. "Жаншипа" подкасының барлық эпизодын Youtube арнамыздан я Apple podcasts, Google podcasts платформаларынан да тыңдай аласыз. Іздеу жүйесіне "Жаншипа" деп терсеңіз, шығады.
    29 min
  • "Асылтұқымды" шыбын бағып, тағам қалдығын пайдаға жаратқан кәсіпкер
    Алғашқы эпизодта "асылтұқымды шыбын өсіріп жүрген ғалым және кәсіпкермен сөйлесеміз. "Қара сарбаз" шынымен де тағам қалдығы мәселесін шешіп, ғаламдық жылынуды тежеуге көмектесе ала ма? Оны қалай өсіреді? Үй жағдайында өсіруге бола ма? Адамға қауіпті емес пе? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
    19 min
  • Хасен Оралтай және Алашорда идеясы
    Хасен Оралтайдың Алашорда идеясын зерттеуі және советтік Қазақстанда қазақша басатын жазу машинкасының тапшылығы туралы «Азаттық радиосына 70 жыл» аудиоподкасының бүгінгі эпизодынан бірге тыңдайық.
    28 min
  • Назарбаевқа тілек, көзқарасы күрт өзгерген тарихшы және "совет империясының астанасынан" репортаж
    1991 жылы 16-17 желтоқсанда қазақтар жас елдің президенті Назарбаевқа тілегін аямаған. Ал Азаттық Ленин туралы мадақ мақала жазып, кейін көзқарасы өзгерген тарихшыны құттықтаған. Мәскеуден репортаж берген тілші Ресей мен басқа республикалар арасында жер үшін талас болуы мүмкін екенін айтқан.
    27 min
  • "Өзімді жек көремін. Түрім ұнамайды. Не істеймін?" Адамның өзін жақсы көруі һәм қабылдауы
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкасының 12-эпизодында практик психолог Мөлдір Тоғжанмен адамның өзін жақсы көруі, өзін қабылдауы деген тақырыпты қозғадық. Адам өзін қалай жақсы көруі керек? Адам өзін жақсы көретінін қалай біле алады? Өзімізді жақсы көрмесек, өмірімізде не болады? Өзімізді жақсы көреміз деп жүріп, эгоист болып кетпейміз бе? Баланың өзіне деген махаббатын қалай қалыптастырамыз? Міне, маманмен осы сауалдарға жауап іздедік.
    37 min
  • "Асылтұқымды" шыбын тағам қалдығын жоя ала ма?
    Күн сайын кез келген үйден тамақ қалдығы шығады. Кей ғалымдар тағам қалдығын жою мәселесін шешу үшін шыбынды қолдануды ұсынады. Тропикалық елдерден әкелінген "Қара сарбаз" шыбыны шынымен де тағам қалдығы мәселесін шеше ала ма? Оны қалай өсіреді? Осы және өзге сұрақтар подкаста қамтылады.
    2 min
  • Қазақстан тәуелсіздік алған күні Азаттық Назарбаевты неге қатаң сынады?
    Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннің ертесінде Алматының бас алаңына жиналғандар Желтоқсан оқиғасынан гөрі тәуелсіздік пен президент Назарбаев туралы көбірек сөйлеп, құттықтау тілек білдірген. Ал президент өзі жоғары бағалаған жарлығын Азаттық радиосы қатаң сынаған. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды соттаған адамдарды жауапқа тарту жайы қаншама айтылғанымен, әлі күнге заңды түрде қозғалмаған күйі қала берді. Бұл туралы "Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасының кезекті эпизодында айтамыз.
    24 min
  • "Мен биліктен аспандағы Айды алып бер демеймін, Конституцияда жазылған заңды орындасын. Болды!"
    Азаматтық белсенділер – қоғамның үнін жеткізушілер. Кейінгі төрт-бес жылда билікке сын айтып, саяси жүйенің өзгеруін, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруын талап етушілер көбейді. Оларға айыппұл салып, қамауға алса да, алаңға шығып, пікірін айтудан жалықпайды. Солардың бірі – 52 жастағы Бибігүл Иманғалиева. Бибігүл апаймен белсенділер дегеніміз кім, әйелге белсенді болу қиын ба деген сауалдар төңірегінде сөйлестік.
    35 min
  • "Аға, сүйінші! Қазақстан тәуелсіздігін жариялады!" 1991 жылғы 16-17 желтоқсандағы Азаттық эфирі
    Қазақстанның тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қалай қабылданды? Оған қанша депутат қарсы дауыс берді? Азаттық радиосының 1991 жылғы 16 -17 желтоқсандағы эфирінде тәуелсіздік тақырыбы ерекше айтылды. "Азаттық – 70" подкасының 4-эпизодында сол хабарларға шолу жасалады. Бірге тыңдайық!
    19 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners