Sign up to save your podcastsEmail addressPasswordRegisterOrContinue with GoogleAlready have an account? Log in here.
"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі - А... more
FAQs about Жаншипа:How many episodes does Жаншипа have?The podcast currently has 411 episodes available.
January 04, 2025"Қазақстанға тағы бір диктатор келген сияқты". 1990 жылғы сұхбатАзаттықтың маңызды хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында бұл жолы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандары мен зардап шеккендер жайлы айтамыз. 1990 жылы Аманжол Нәлібаев 1986 жылғы оқиғада зорлық көргендер туралы сөз қозғаған. Ол сұхбатқа режиссер Қалдыбай Әбенов те қатысқан....more45minPlay
December 28, 2024Желтоқсанды алғаш еске алу. Соттаушылар күтпеген жиын"Желтоқсан" ұйымы 1989 жылы алғаш рет 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алу жиынын өткізді. Оның қалай өткені, зиялы қауым қалай қабылдағаны, жиынға қатысқан совет билігі өкілдерінің хикаясы жайлы подкасымызды тыңдаңыз....more34minPlay
December 20, 2024"Желтоқсан" осылай құрылды. 35 жыл бұрынғы бейресми ұйым"Желтоқсан" бірлестігіне биыл 35 жыл толды. Ұйымды алғаш құрған Қалдыбай Әбенов, Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев сол кезде Азаттық радиосына сұхбат берген. Ұйым белсендісі Ерлан Декелбаев сол кездегі оқиғалар туралы айтып берді....more39minPlay
December 14, 2024Тәуелсіздіктен 2 ай бұрын. Әбдуәли Қайдардың сұхбаты1991 жылы Азаттық радиосына берген сұхбатында этнолингвист ғалым Әбдуәли Қайдар елдегі саяси өмір, тіл мәселесі және латын жазуы туралы ой бөліскен. Зиялы қауым өкілі қоғамдағы өзгерістерге қандай баға берген еді?...more39minPlay
November 30, 2024Әнші Әмина Нұғыманова қалай қоғам белсендісіне айналды?Мұсылман әйелдер одағын құрған әнші Әмина Нұғыманова 1990 жылы Азаттыққа сұхбат берген. Көзкөргендерден 34 жылдан кейін Әмина Нұғыманованың өнер жолы мен қоғамдық белсенділігі жайлы сұрадық....more43minPlay
November 23, 2024Диссидент қалай бағаланар? "Жат елдегі" құрбандарДиссидент Қарыс Қанатбай жайлы пьесаға Азаттық 1983 жылы шолу жасаған. Советтік пропагандаға құрылған шығарманы ел тәуелсіздігінен кейін де ақтауға тырысатындар бар. Туындыны сахналаған режиссер сол кездегі жүйені дәріптегенін мойындап, драма дерегіне басқаша қарайды....more34minPlay
November 16, 2024Егемендік эйфориясы. Журналистер де Назарбаевты қолдап кеттіСоветтік Қазақстандағы соңғы журналистер құрылтайында президент лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлауды қолдаған үндеу қабылданды. Жиын кезіндегі қоғамдық ахуал қандай еді? Сол құрылтайға қатысқан Қайнар Олжайдың бүгінгі көзқарасы қандай?...more30minPlay
November 09, 2024Қуғыннан көз ашпаған "Алаш" партиясы1990 жылы Алматы мен Киевтегі митингілердің соңы не болды? Совет үкіметі тіркеуден бас тартқан "Алаш" партиясының мүшелері Азаттыққа берген сұхбатында өз тұжырым, жоспары, жастар белсенділігі және биліктің қысым тәсілдері жайлы айтады....more37minPlay
November 08, 2024Адамдар неге құрбан, құтқарушы, агрессор болады? Бұл рөлдерден қалай шығамыз?"Жаншипаның" 34-эпизодында карпман үшбұрышы деген тақырыпты талқыладық. Психологияда Карпман үшбұрышы жайлы айтқанда адамдарға құрбан, құтқарушы, агрессор деген рөлдер беріп жатады. Демек, құрбан, құтқарушы, агрессор деген кім? Адам бұл рөлдерге қалай түсіп кетеді және рөлдерден қалай шығуға болады? Осы сауалдарға практик психолог Назира Бурханова жауап берді....more41minPlay
FAQs about Жаншипа:How many episodes does Жаншипа have?The podcast currently has 411 episodes available.