Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • Неге біз көп ұяламыз? Шектен тыс ұят сезімін қалай азайтамыз?
    Азаттықтың "Жаншипа" психологиялық подкастының 31-эпизодында ұят сезімі туралы сөз қозғадық. Адам бойындағы ұят сезімінің шектен тыс болуына не себеп? Ұят сезімін қалай еңсереміз? Неден шын ұялып, неден ұялмау керек?
    Бұл сұрақтарға ұят сезімін зерттеп жүрген психоанализ бағытындағы психолог Мейіргүл Бимағамбетова жауап берді.
    36 min
  • Азаттық эфирінен басталған "Қазақ тарихының әліппесі"
    Азаттық эфиріндегі жазушы Мұхтар Мағауиннің дәрісі қалай кітапқа айналды? Сол тізбекті хабардың бірінде жазушы ноғай халқы туралы әңгімелейді. Ал ноғай белсендісі қазақстандық басылымға жазған хатында өз алаңдауын жеткізеді.
    26 min
  • 31 мамыр. "Жарты халқымызды жоқтау"
    31 мамырды қалай атап өткен жөн? 1992 жылы жазушы Смағұл Елубай неге ашық хат жазды? Қазір өзі не дейді? Қуғын-сүргін құрбаны, саяси диссидент Арон Атабек ат салысқан "Арыс" қоры бүгінде неге қол жеткізді?
    33 min
  • Назарбаевтың АҚШ-қа алғашқы сапары Мәскеуден басталды
    1992 жылы мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу арқылы Вашингтонға алғаш ресми сапармен барып қайтты. "Шеврон" компаниясымен келісімге келіп, ядролық қарудан бас тартудың алғашқы шарттары айқындалды. Қазақстан мен Американың арасы кейін неге суыды? Ол туралы бір кездегі сыртқы істер министрі, қазіргі президент не дейді?
    59 min
  • Қытай мен Түркия арасындағы қазақ эмиграциясы
    Дәлелхан Жаналтай мен Қажығұмар Шабданұлының тағдыры – қазақ эмиграциясындағы ерекшелік мысалы. Бірі Шығыс Түркістандағы коммунистер қысымын әшкерелеу үшін күресті, азаппен Түркияға жетті. Бірі Қазақстандағы Ашаршылықтан бас сауғалап барып, Шыңжаңда қалды. Кейін 40 жылдан аса Қытай түрмесінде отырды. Өле-өлгенше қатаң бақылауда болды.
    35 min
  • Азапты көш. Гималай асқан қазақтар
    Шығыс Түркістан қазақтарының Такла - Макан, Гоби, Тибет, Үндістан, Кашмир асып, Парсы шығанағымен Түркияға ауып барғанына 75 жылдан асты. Азаттық радиосы 1989 жылы осы үркін кезіндегі Қалибек көшінің 40 жылдығына орай тізбекті хабарлар әзірлеп, трагедияға толы күндер куәларын сөйлеткен.
    54 min
  • Баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесеміз?
    Балаға жыныстық тәрбиені қалай береміз? Жыныстық тәрбиенің маңызы қандай? Ересектер баламен жыныстық тақырыптарда қалай сөйлесу керек? Балаға жыныстық қатынас туралы қалай түсіндіреміз. "Жаншипа" психологиялық подкастының 30-эпизодында кәсіби психолог Әсем Байбасаровамен баланың жыныстық сауаттылығы тақырыбын талқыладық.
    40 min
  • Сотта да "батыр" аталған күрескер Оспан. Хасен һәм Жағданың айтқаны
    Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, коммунистерге қарсы күрескен Оспан батыр Сіләмұлы 1951 жылы сәуірдің аяғында Үрімжіде көп алдында атылды. Оны көзі көрген Хасен Оралтай мен батырды тергеген Жағда Бабалықұлы Азаттыққа берген сұхбатында өздері куә болған оқиғаларды баяндайды.
    50 min
  • "Қаңтар мен наурызда жер сілкінісі болады деген болжамымыз тура келді". AI апаттарды дәл болжай ала ма?
    Кейінгі айлардағы су тасқыны, жер сілкінісі, былтырғы орман өрті мен қуаңшылық табиғи апаттарды алдын ала болжау маңыздылығын көрсетіп отыр. Мамандардың сөзінше, әзірге Қазақстанда табиғи апаттарды болжағанда көбіне ескі тәсілдер пайдаланылады.
    49 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners