Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • Ұлыстың ұлы күні демократия лебімен жанданды
    Сталин кезінде тыйым салынған Наурыз мерекесі Совет одағы ыдырар қарсаңда жаппай тойлана бастады. Азаттық радиосы бұдан 55 жыл және 35 жыл бұрын Ұлыстың ұлы күні жайлы хабарларында не нәрсеге назар аударған? Бұл туралы Наурыз мерекесін зерттеуші Серік Ерғали не дейді?
    22 min
  • Семей полигоны жабыларда суицид саны артқан
    Семей сынақ полигоны маңындағы халық арасында бейдауа дерт пен мезгілсіз өлім жиі болатыны жөнінде Азаттықта кейбір деректер сақталған. Оны жергілікті азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі құжаттарымен салыстырып көрдік. Алғашқы және соңғы ядролық сынақ кезінде дерт пен диагноз қалай өзгерген? Деректер не дейді?
    27 min
  • Бойдағы энергияны қалай сақтаймыз? Күшімізді қалай дұрыс жұмсау керек?
    Бойымызда энергия таусылғанда не істейміз? Энергия мен ресурсты қалай жинаймыз? Энергия мен ресурстың маңызы неде? "Жаншипа" психологиялық подкастының 29-эпизодында практик психолог Шапағат Есжанмен адамның энергиясы және ресурсы тақырыбын талқыладық.
    32 min
  • Мәскеудің қаулысы, Назарбаевтың жарлығы. Семей полигонын жапқан кім?
    Қазақстанда алғашында Нобель сыйлығына Нұрсұлтан Назарбаев емес, "Невада – Семей" қозғалысы ұсынылған. Биыл қозғалыстың құрылғанына 35 жыл толды. 35 жылда Семей полигоны маңындағы адамдардың өмірі аса өзгермеді. Нобель сыйлығына ұсынылды деген қозғалыстың қоғамдағы орыны қандай болды?
    33 min
  • БҰҰ-ға мүше Қазақстан. 30 жылдан кейін де өзекті тіл мәселесі
    1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Ұйымға мүше мемлекет саны 168-ге жетті. Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова бұл жөнінде не жазған? Ел тәуелсіздігінің алғашқы 10 жылы қоғамға қандай әсер қалдырды? Бұл туралы Хасен Оралтай Азаттыққа берген сұхбатында айтқан.
    26 min
  • "Қорлық пен зорлық түбі – қатыгездік". Ұзақ жыл отасқан күйеуін пышақтаған әйелдің оқиғасы
    Түркістанда жылдар бойы күйеуінен зорлық көрдім деген әйел ерін пышақтап өлтірген. Марқұмның денесін бөлшектеп, өзенге ағызып жіберген. Бұл қорғану ма әлде қасақана адам өлтіру ме? Қатыгездікті көрген адам өзі де қатыгез болуы заңдылық па? «Зеренің» бүгінгі эпизодында психолог маман Әсем Амангелдіқызымен осы мәселені талқыладық.
    29 min
  • Совет-ауған соғысы кезіндегі Герат қазақтары
    45 жылдай бұрын Ауғанстанға совет әскерінің "шектеулі" контингенті енгізілуі оған қарсы соғыстың тұтануына себеп болды. 10 жылдан соң Совет әскері шығарылғанда Ауғанстанда азамат соғысы басталды. Бұл туралы ауғандықтар не дейді, ауған қазақтары белсендісінің пікірі қандай? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы туралы айтылады.
    36 min
  • "Анамда рак..." Қатерлі ісік, іштегі өксік, дертпен күрес және үміт
    "Жаншипа" подкастының бұл эпизодының қонағы – бір шаңырақтың ұлы, сүйікті жар, бала тәрбиелеп отырған әке, журналист Марғұлан Ақан. Марғұланның анасына қатерлі ісік диагнозы қойылған. Бірнеше жылдан бері анасын емдетіп, жақында анасының қатерлі ісікпен күресі жайлы "Үміт" деген кітап жазып шығарды. Марғұланмен жақыныңа қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейінгі күрес пен өмір жайлы әңгіме өрбіттік.
    42 min
  • Ауған соғысындағы советтік "мұсылман ротасы"
    2024 жылғы 15 ақпанда Ауғанстаннан совет әскері шығарылғанына 35 жыл толды. Азаттық радиосы соғыс кезінде осы елде адам құқығы аяқасты болып, елдегі жағдайдың шиеленіскенін хабарлап отырған. Сонда туындаған сұрақтарға бүгінгі эпизодта, ауған соғысына қатысқан тарихшы Болат Сайлан жауап береді.
    37 min
  • "Еркіндігімнен айырылғым келмейді". Әйелдер маршын өткізу үшін күресіп жүрген Ақторғынмен әңгіме
    Алматыда ақпанның басынан бері жалғыз адам пикеттері өтіп жатыр. Талап – 8 наурызда әйел құқығы мәселесін көтеретін марш өткізуге рұқсат беру. Әйел құқығын қорғаушылар марш өткізуге жергілікті әкімдіктен рұқсат ала алмағандықтан осындай амалға барып отыр. Азаттық радиосының "Зере" подкасының бүгінгі қонағы – Ақторғын Ақкенжебаласымен марштың маңызы жайлы сөз қозғадық.
    28 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners