Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • Данияр Бакимов: Қалдық өңдеу бизнесінде тек патриоттар ғана қалды
    Rocket plastic жобасының өкілдері пластик өңдеп, дизайны ерекше бұйымдар жасайды. Бұған қоса, кәсіпкерлерге, білім мекемелеріне пластик өңдейтін аппараттар ұсынады. Eco Kundelik-тің кезекті эпизодының қонағы Rocket plastic жобасының негізін қалаушы әлеуметтік кәсіпкер Данияр Бакимов.
    26 min
  • Ауғанстанға кеткен қазақ әйелінің тағдыры және бүгінгі диаспора
    Бала кезінде Қазақстаннан кеткен Әсия Салдарбекқызы совет-ауған соғысында тағы да көшуге мәжбүр болды. Ол басынан кешкендерін бұрын Азаттыққа әңгімелеп берген. Ауған қазақтарының қазіргі жағдайы қалай? Бұл туралы жақында Ауғанстаннан келген шығыстанушы Жомарт Жеңісұлымен сұхбатта айтамыз.
    33 min
  • "2023 жылдың қаһармандары – құқық қорғаушылар"
    Қаңтар істері, парламент сайлауы, әйелдерге қарсы қылмыс, экс-президент Назарбаевтың кітабы. Өтіп бара жатқан 2023 жыл тағы несімен есте қалды? Жылды қортындылауға келген қонағымыз – журналист, құқық қорғаушы әрі саяси белсенді Инга Иманбай өзі үшін бұл жыл несімен есте қалғанын айтты.
    33 min
  • Смартфон, гаджетке тәуелділіктен қалай құтылуға болады?
    "Жаншипа" психологиялық подкастының 25-эпизодында смартфонға, гаджетке тәуелділік туралы сөз қозғадық. Кейінгі кезде біздің подкасты тыңдаған бірнеше адам "смартфонға тәуелдімін, күніне орта есеппен жеті сағаттай телефонға кетеді. Көзім құрғай бастады, бұдан қалай құтыламын?" деп жазды. Сондықтан смартфон, гаджетке тәуелділік тақырыбын қозғауды жөн көрдік. Смартфонға тәуелділіктің себебі неде? Адам бұл тәуелділіктен қалай шыға алады? Бұл сауалдарға "Цифрлық тәуелділік" кітабының авторы, психолог Самал Самарқанқызы жауап берді.
    31 min
  • Таалайбек Ылайтегін. Желтоқсанда шеруді басуға қатысқаны үшін берілген марапаттан бас тартқан адам
    1986 жылы Желтоқсан оқиғасын басып-жаншуға қатысып, кейін сол үшін берілген марапаттан бас тартқан Таалайбек Ылайтегін осы оқиға кезінде екіұдай күйге түскенін айтады. Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясына "Алаңға әскер енгізгендерді жазалау керек" деп арылу хатын жазған ол оқиғадан 37 жыл өткенде Азаттық радиосына сұхбат берді.
    22 min
  • Пластик бөтелкені азық-түлікке алмастыратын дүкен және қоқыс бизнесі
    Қазақстанда пластик бөтелке, әйнек ыдыс, картон сияқты өңделетін қалдық түрлерін азық-түлікке алмастыратын алғашқы дүкен қай жерде орналасқан? Қоқыс бизнесімен айналысу тиімді ме? Эко күнделіктің кезекті эпизодының қонағы әлеуметтік кәсіпкер Владислав Голярко осы сұрақтарға жауап береді.
    23 min
  • Қан төгілген Жаңаөзен. Эфир сыртындағы сөз
    Атылған оқтың дауысы. Мәйітханадағы шашылған дене. Шетпедегі жоқтау. 2011 жылғы 16-18 желтоқсанда Азаттық негізінен Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты. Қантөгіс орнына кешігіп жеткен Азаттық тілшілері талай қиындықты бастан кешті. "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизоды осы туралы.
    36 min
  • "Мағыналы әндер көп болса деймін"
    ZAZ-дың "Je veux" әні мен Afric Simone-нің "Hafanana"-сын қазақша тыңдап көрдіңіз бе? Алматылық Мөлдір Байбуринова осы және өзге де оншақты әнді қазақ тілінде шырқап жүр. Көптен ойда жүрген бұл ермегін жұрттың назарына ұсынуға досымен арада болған бәс түрткі болыпты. Бұл туралы Мөлдірдің өзі айтып береді.
    31 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners