Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • Тәуелсіздіктен кейін Назарбаев Азаттыққа сұхбатында не деді?
    Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланғаннан соң ресми баспасөзден бұрын Азаттық радиосы мен басқа да бірқатар шетелдік басылымға сұхбат берді. Ол Азаттыққа, кейін ресми басылымға берген сұхбаттарында не айтты? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бұл эпизодында осы туралы айтамыз.
    20 min
  • Негативті ойлармен қалай күресеміз? Жаман ойлардан қалай арыламыз?
    Негативті ойлар қайдан пайда болады? Негативті ойларды қалай азайтамыз? Теріс ойлар өмірімізге қалай әсер етеді? "Жаншипа" психологиялық подкастының 27-эпизодында халықаралық коуч, "Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт" кітабының авторы Кәмшат Бекжігітовамен негативті ойлар деген тақырыпты талқыладық.
    33 min
  • 100 жыл бұрын. Қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайы
    Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш құрылтайын Азаттық қызметкері Дәулет Тағыберлі 1957 жылы тағы да еске салды. Бүгінгі тіл біліміне негіз қалаған алқалы жиында не қаралды? Оның күн тәртібіне Әлихан Бөкейханов төтеннен енгізген мәселе қандай? Мұны Азаттыққа академик Шерубай Құрманбайұлы түсіндіріп берді.
    25 min
  • Ақтаулық кәсіпкер: Шылаушын бизнесімен айналысатындарға мемлекет көмектессе, екі ірі мәселе шешілер еді
    Ақтаулық әлеуметтік кәсіпкер Салтанат Бралина бір жылдан бері калифорниялық шылаушын өсірумен айналысады. Айтуынша, бұған органика қалдықтары мәселесін шешуге талпыныс түрткі болған. Ол аталған мәселені зерттеп, ақырында ең оңтайлы шешімі - шылаушын деген қорытындыға келген.
    14 min
  • Алашорда үшін айыпталған әкелі-балалы Тынышбаевтар
    1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болған Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаев – қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері. Әкесі үшін сотталған Ескендір Тынышбаев – қазақтан шыққан тұңғыш кинооператор. Ол өмірінің соңына қарай Азаттық радиосына сұхбат берген. "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында осы сұхбатқа шолу жасалады.
    41 min
  • "Таңдаған жолым - осы" деді қызым, мен қолдадым". Төрт жылға сотталған Әйгерім Тілеужанның анасымен ашық әңгіме
    Журналист әрі белсенді Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасына байланысты төрт жылға сотталды. 68 жастағы анасы Шекерхан түрмедегі қызын екі айда бір рет көріп, аптасына екі рет телефонмен сөйлеседі. Ана мен бала осылайша бір бірін кейінгі жарты жылда демеп келеді. "Зеренің" бүгінгі эпизодында жалғыз қызына шыққан үкім, саяси белсенділік, түрмедегі кездесулер мен уайымы жайлы анасы сыр шертті.
    23 min
  • Сәбилерді жолда қалдырған. Қармақшыдан Гератқа ауған қазақтар
    40 жылдай бұрын Халифа Алтайдың Азаттықтағы мақаласында Ауғанстан қазақтарының тарихы айтылады. Содан туындаған сұрақтарға орай Гератта туып өскен, қазір Данияда тұратын Қажи Акбар Аюбимен сұхбаттастық. Сұхбат Халифа Алтай ұсынған деректерді толықтырып, растай түседі.
    48 min
  • Дисфункционалды отбасыдан шыққан жандар қиындықтарды қалай еңсереді?
    "Жаншипа" психологиялық подкастының 26-эпизодында дисфункционалды отбасы туралы сөз қозғадық. Дисфункционалды отбасы деген не? Мұндай отбасынан шыққан балалар есейгенде қандай мәселелерге тап болады және бұл мәселелерді қалай шешеді? Дисфункционалды отбасыны ұйыған жақсы отбасыға айналдыру мүмкін бе? Міне, эпизодта осы және басқа да сауалдарға психология ғылымдарының магистрі Салтанат Саду жауап берді.
    38 min
  • Мәскеу тентіреткен қазақ әйелі. Ғасырдан асқан жылнама ғұмыр
    2021 жылы жасы 105-тен асқанда Америкада қайтыс болған Әсия Сардарбекқызы бала кезінде советтік Қазақстаннан Ауғанстанға көшуге мәжбүр болды. Совет-ауған соғысы кезінде ол Еуропаға, сосын Америкаға эмиграцияға кетті. Азаттық редакторы Дархан Өмірбек "Ауған апа" атанған Әсиямен 2018 жылы қалай кездескенін еске алады. Әсия Сардарбекқызы кім, оның ғұмыры неліктен назар аудартады?
    34 min
  • Қасіреттен кейінгі жұбаныш. Қаңтарда өлген ұлдан қалған немере
    Алматылық Гүлнұр Қарақасованың ұлы – Бақыткелді Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан. "Артында тұяқ қалмады" деген жақындары үш айдан кейін немересі барын біліпті. Қазір кішкентай Айқаракөз отбасының жұбанышы. "Зеренің" бүгінгі эпизодында Гүлнұр ұлына деген сағынышын, немересінің қызығы мен Қаңтардағы әділетсіздік жайлы сөз етті.
    41 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners