Жаншипа

Жаншипа

By Азаттық радиосыHealth & FitnessMental Health
Download on the App Store

Жаншипа episodes

  • Азаттық радиосына алғыс айтылған кеш. Алматы бюросы қалай ашылды?
    1993 жылы Азаттық радиосына 40 жыл толған кезде радионың Алматы бюросы ашылды. Бүгінгі хабарда осы жөнінде айтып, "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасын осы эпизодпен аяқтамақпыз. Подкаст алдағы уақытта басқа атаумен одан әрі жалғасады.
    38 min
  • "Совет кезінде Қазақстан шикізаты нарық құнымен бағаланбады"
    1967 жылы Парижде шыққан кітапта СССР экономикасы талданып, ондағы Қазақстанның орны туралы жазылды. Совет экономикасына шолу жасаған тағы бір хабарында Азаттық одақтың астық импортына тәуелді екенін айтқан. Бүгінгі экономистер не дейді?
    19 min
  • Тұрмыстық техникадан - робот, джинсыдан - шоппер. Экоакция қалай өтті?
    21 шілдеде Алматыда кезекті экоакция өтті. Мұндай шарада тұрғындар қайта өңделетін заттарын өткізіп, өзіне қажет заттармен алмаса алады. Жарамсыз дәрі-дәрмек, сынған қолшатыр, артық ыдыстарын да жұрт осы акцияға өткізу арқылы экологияны жақсартуға үлес қосады.
    25 min
  • Шаңырақ оқиғасы. Тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы қақтығыс
    Заңсыз берілген жер, заңсыз құрылыстан соң мәселені мәмілемен шешу талпынысы нәтиже бермеді. Бұл – наразылыққа, наразылық қақтығысқа ұласты. Ақырында бір полицейдің өлімімен аяқталған оқиға ел тәуелсіздігінен кейінгі алғашқы қақтығыс ретінде белгілі. Билік мәселені күшпен шешпек болды. Даулы жер телімдері кейін заңдастырылды. Бұл жайлы сол кезде Азаттықтың Алматы бюросын басқарған Кенжебек Нұрқасенұлы және оқиға ортасынан хабар таратқан Талғат Дүйсенбек әңгімелейді.
    37 min
  • АҚШ ғалымының қазақтар туралы "буржуазиялық еңбегі"
    Қуғын-сүргін тұсында Алматыға келіп қайтқан америкалық ғалым Альфред Хадсонның еңбегіне Азаттық 1972 жылы шолу жасаған. Медиа-зерттеуші Рахима Нұриден мен тарихшы Мақсат Алпысбес монографияның маңызы жайында айтады.
    26 min
  • Қудалаудан ақтауға дейін. Мағжан ақынның бір ғасыры
    31 жыл бұрын қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдық мерейтойы қалай атап өтілген еді? Мағжанның сол кезде көзі тірі туыстарының естеліктері, ақын поэмасы желісімен түсірілген "Батыр Баян" фильмінің әсері – осы подкаста толығырақ айтылады.
    26 min
  • "Өзгені бірінші, өзімді соңғы орынға қоямын". Адамның адамға эмоциялық тәуелділігі
    "Жаншипа" психологиялық подкастының 32-эпизодында адамның адамға эмоциялық тәуелділігі жайлы сөз қозғадық. Мұны психологтар эмоцияналды тәуелділік, cоотәуелділік, қоса тәуелділік деп жатады. Бұл қандай тәуелділік? Бұған не себеп? Эмоцияналды тәуелділік адам өміріне қалай әсер етеді? Бұл сұрақтарға психоанализ бағытындағы психолог Назипа Жанәділқызы жауап берді.
    45 min
  • Мұстафаның үндеуі қазақ баспасөзіне қалай жетті?
    Совет режиміне қарсы ашық күрескен қайраткер Мұстафа Шоқайдың үндеуі 55 жылдан соң алғаш ресми БАҚ – Қазақ радиосынан берілгені сенсация болды. Бұл жайында Қазақ радиосында істеген Иманбай Жұбай әңгімелейді. Қайраткер туралы Ресейдегі құжатта не айтылған, Түркістан бірлігі идеясының бүгінгі сарыны қандай?
    24 min
  • Қазақстанда құлдыққа түсетіндер әлі көп. Неге?
    «Құлдық» - ескі заманның ғана түсінігі емес. Aйналаңызда, аулаңызда не жақындарыңыздың арасында күштеп тегін жұмысқа жегілгендер болуы мүмкін. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда адамды құлдықта ұстаудың 111 фактісі тіркелген. Көбі сексуалдық қызмет көрсеткен. «Зере» қыз-келіншектер подкасының бүгінгі қонағы құлдыққа түскендерге көмектесетін «Родник» ұйымының үйлестірушісі Ғазиза Сапарғалиқызы кез келген адам құлдыққа түсуі мүмкін дейді.
    28 min
  • "Сол кеткеннен жоқ..." Мұстафа Шоқай туыстарының тағдыры
    Мұстафа Шоқайдың 1936 жылы Еуропада Түркістан жастары алдында сөйлеген сөзі Азаттық радиосынан кейін, 1991 жылы Қазақ радиосынан алғаш рет беріледі. Сол кезде Азаттық Қазақ радиосының "Ұшқын" жастар бағдарламасын әзірлеуші Иманбай Жұбайдан және қайраткердің жиені Серікбай Шермаханнан сұхбат алған. 33 жылдан соң Серікбай Шермаханға тағы хабарластық.
    24 min

About Жаншипа

From the publisher's feed

"Жаншипа" - Азаттықтың психологиялық подкасты. Бұл подкаста психолог, психоаналитик, психотерапевт мамандармен түрлі психологиялық мәселелер бойынша сұхбаттасамыз. Подкастың авторы әрі жүргізушісі -…

More shows like Жаншипа

Экокүнделік by Азаттық радиосы

Экокүнделік

0 Listeners

Азаттық толқынында by Азаттық радиосы

Азаттық толқынында

0 Listeners

Zere by Азаттық радиосы

Zere

0 Listeners