Тіл кеспек жоқ

Тіл кеспек жоқ

Download on the App Store

Тіл кеспек жоқ episodes

  • "Меннен басқасының бәрі кінәлі". Тоқаев басқа не деді?
    Кеше үкіметтің кеңейтілген отырысы болды. Тоқаев өзінен басқаның барлығын қатаң сынға алды. Бүгінгі шығарылымда отырыста көтерілген негізгі мәселелер туралы, СК-фармация және пневмонияның күрт өршуі туралы сөз қозғайтын боламыз.
    11 min
  • Димаштың саналы ойы туралы, “жұлдыздар” паранойясы және аза тұту күні
    Әлеуметтік желілерде өзінің керітартпа ойын айтып, халыққа не болса соны дұрыс деп үгіттейтіндер көбейді. Сондай адамдардың жауапсыздығы кесірінен ел ішінде коронавирусқа сенбейтіндер көбейді. Бүгінгі шығарылымда “жұлдыздардың” аудиториясы алдындағы жауапсыздығы туралы, және Димаш Құдайбергеновтің алдағы карьерасы туралы сөз қозғайтын боламыз. Одан басқа Тоқаевтың кешегі елге жолдауына да қысқаша шолу жасайтын боламыз.
    9 min
  • Адамдар қырылып жатқанда, Назарбаевтың отшашуы мен Шымкенттегі пикет
    Кеше Астана күні және Назарбаевың туған күні атап өтілді. Сонымен қатар, азаматтық белсенділер бұл күнді “Covid-19-дан қаза болғандарды еске алу күн” деп жариялады. Бүгінгі шығарылымда сол туралы және туған күндегі сөз бостандығын шектеу туралы сөз қозғайтын боламыз.
    8 min
  • 42 500 теңге төленбейтін жаңа “карантин” не үшін керек?
    Тоқаев 5 шілдеден бастап 14 күндік карантин болатынын айтты. Еске салайық, бұл апта басында жаңа денсаулық министрі Алексей Цойдың коронавирусқа қарсы ұсынған екінші сценарийі. үгінгі шығарылымда 2 апталық карантин туралы,негізгі ережелер, неге бұл жолы 42500 теңге төленбейтіні мен онлайн өтетін Астана туған күні туралы сөз қозғайтын боламыз.
    11 min
  • Жаңа карантин бастала ма? Шілде-тамызда не болады?
    Кеше кеңесте Тоқаев алда карантиннің қатаң режимі қайта орнайды деді. Алайда оның қанша уақытқа созылатыны, халыққа қаржылай көмек бола ма деген сұрақтар жауапсыз қалды. Бүгінгі шығарылымда карантин туралы және Тоқаевтың айтқан негізгі мәселелері мен Цойдың ұсынысы туралы сөз қозғаймыз.Баршаңызға сәлем, сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева.  Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 40 мыңға жақындады, ал кеше кеңесте Тоқаев алда карантиннің қатаң режимі қайта орнайды деді. Алайда оның қанша уақытқа созылатыны, халыққа қаржылай көмек бола ма деген сұрақтар жауапсыз қалды. Бүгінгі шығарылымда карантин туралы және Тоқаевтың айтқан негізгі мәселелері мен жаңа денсаулық министрі Алексей Цойдың ұсынысы туралы сөз қозғаймыз.Бірақ, бастамас бұрын сізден осы каналға жазылып, видеоға лайк басып, бөлісіп, міндетті түрде пікір қалдыруыңызды сұраймын.
    6 min
  • Беларусьте наразылық басталды, Путин СССР туралы сөйлеуде. Неге Қазақстан назарынан бұл тыс қалмау керек.
    Әдетте мен басқа елдерде болып жатқан жаңалықтарға онша көңіл бөлмеуге тырысам, бірақ кей кездері ол жаңалықтардың біздің елге тікелей немесе жанама қатысы бар. Мысалы, дәл Қазақстан сияқты 30 жылдан бері ұйықтап жатқан Беларусь елінде 9 тамызда болатын президент сайлауының алдында наразылық акциялары мен митингілер өтуде. Екінші жағынан жақында ғана Путин арнайы сұхбат беріп, бұрыңғы Кеңес одағының құрамындағы мемлекеттер Ресейдің біраз жерін жымқырды деген болатын. Украина Ресей ықпалынан шығуға әрекет жасағанынан кейін, Қырымнан айырылды. Қазір Беларусьтегі жағдайдан кейін, Ресейдің қалай әрекет ететіні біз үшін де белгі болмақ. Одан басқа, Тоқаевтың ЕАЭС отырысында Ресейге ашық көрсеткен наразылығы тағы бар.Дегенмен, кеше ғана Мәскеуде өткен Жеңіс күніне арналған шеруде Тоқаев Путиннің дәл қасында отырды. Сонымен Ресейдің қол астынан шығу мүмкін бе және оның бағасы қандай?
    12 min
  • Назарбаевтар билеп, Ильяшев шықты. Басты жаңалықтар
    Дариға Сенат төрағасынан шығарылғанынан кейін, қайда жоғалып кетті деп уайымдам жүрсек, яхтадан табылды. Уайым-қайғы, карантин, коронавирус жоқ, билеп жүр. Дариғаға день победы болғанымен, ел үшін жеңіс күні әлі алыстау сияқты. Карантин бар, коронавирус бар, қазақстандықтардың өзін өзі емдеуге көшкені тағы бар. Осылардың барлығы және Әлнұр Ильяшевтің кеше түрмеден шығарылуы бүгінгі шығарылымда.
    9 min
  • Алматы облысындағы "ұлтаралық қақтығыс" неге мемлекеттің кінәсі
    Бір аптадан бері әлеуметтік желілерде ұйғыр ауданында болып жатқан қақтығыстар туралы қорқынышты видеолар тарауда.Бейнелерде әскерилер Алматы облысындағы Ұйғыр ауданын қоршауға алып жатыр. Әдеттегідей билік ол туралы тіс жарып, ешқандай ақпаратты тараптағандықтан, елде өсек тарап, неше түрлі әңгімелер айтылды. Бүгін ақыры ресми ақпарат пайда болып, онда Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында он адам қатысқан қақтығыс шығып, бес адам пышақталды деген ақпарат айтылды. Облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Азаттыққа берген ақпаратында кикілжіңнің қазақ және этникалық ұйғыр жастары арасында болғанын растады. Алайда аудан ақсақалдары мәселені ұлтаралық қақтығыс емес, бұзақылық деп қабылдауды сұраған.Ресми түрде қақтығыс себебі – жол үстіндегі көлік жүргізушілердің түсінбеушілігі, бірақ Qazaq Times журналистері оқиғаның себебі басқада деп отыр. Одан басқа, бүгін Алматы облысы әкімшілігі Ұйғыр ауданы деген атау да өзгеруі мүмкін деген хабар шығарды.Сонымен Алматы облысында не болып жатыр?
    12 min
  • Аштық қорқынышты ма, әлде коронавирус па? Не істеуіміз керек?
    Осыдан бірнеше күн бұрын анам қоңырау шалды. Даусы дірілдеп, біртүрлі, аянышты естілді. Біздің бір алыс нағашыларымыз коронавирустан көз жұмғанын айтты. Бұл менің жанұямдағы осы індеттен екінші өлім. Пандемия басталғалы бері, анам коронавирусқа онша сенбейтін, менің қақсап айтқанымды онша тыңдамайтын, ал енді сенгендей болды. Сіздің көзіңізге бұл ауру онша көрінбеуі мүмкін, сіз де оған онша сенбей, коронавирус туралы жаңалықтардан жалыққан боларсыз. Бірақ ойланып көріңізші, егер әлемдегі барлық үкіметтер, барлық елдер карантинге жабылып, экономикаларын сонша ауыр жағдайға қойып жатса, онда оның шынында да себебі бар шығар? Коронавирус біткен жоқ және бітпейді де. Біздің елде соңғы күндері аурулардың саны күн санап қорқынышты қарқынмен өсуде. Денсаулық министрі Біртанов коронавирус жұқтырып, премьер-министр Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев карантинде. Тек өткен тәуліктің өзінде ғана 800 астам ауру анықталып, бір апта ішінде 21 Қазақстан азаматы көз жұмды - бұл рекорд. Ал ең қиыны, өткен аптада Біртанов айтқандай біз бай ел емеспіз, Еуропа елдері сияқты карантинді ұзақ ұстай алмаймыз. Біздің қанша уақытымыз бар? Және Қазақстанның жағдайы туралы сарапшылар не деп жатыр? Осы туралы әңгімелесетін боламыз.
    9 min
  • Қазақстан Ефремовтің ісінен не үйрене алады? Және Төлесова мен Сағынтаев туралы.
    Алматы мен Астанада кәсіпорындарды қайтадан жаба бастады, полицейдің бас киімін қағып құлатты деп айып тағылған Әсия Төлесова тергеу барысы жүргенше он тәулікке жабылды, халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына түнеген көп балалы аналарды полиция алып кетті, екі әріптесін қағып өлтірген мас полицей авариядан бірнеше күн бұрын жұмыстан шыққаны белгілі болды, бес жылға сотталған Президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты, ал Сағынтаев, Тұрғымбаев, Біртановтар бөлінген ақшаны игере алмаған. Бұл дәл қазір болып жатқан Қазақстан жаңалықтары және осылар туралы бүгін сөйлесетін боламыз.
    9 min

About Тіл кеспек жоқ

From the publisher's feed

Қазақстанның тәуелсіз жаңалықтары