Тіл кеспек жоқ

Тіл кеспек жоқ

Download on the App Store

Тіл кеспек жоқ episodes

  • 42500 теңгені қайтаруға тура келе ме?
    Баршаңызға сәлем! Сіздермен бірге әдеттегідей «Тіл кеспек жоқ» - Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оны жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева. Бүгінгі қысқаша шығарылымымыз қазақстандықтардың бас ауруына айналған 42500 теңге туралы болмақ. Иә, оның шаршатқан жыры әлі де таусылар емес. Бір жағынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлем 2 млн 708 мың 666 адамға тағайындалды десе, екінші жағынан елдегі баспасөз құралдары сол әрең алған 42500 теңгені қалай қайтару керек деп мақалалар шығарып жатыр. Оның үстіне кейбір заңгерлер төлемді заңсыз алған адамдар алаяқтық бойынша қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін деген пікір білдіруде. Сонымен 42500 теңгені алғандарға ақшаны қайтарғызуы мүмкін бе? Сол туралы ақпаратты жинадық. Кеттік
    9 min
  • Дәрігерлер көмек сұрауда. Кім араша түседі?
    Баршаңызға сәлем, сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен журналист Әсем Жапишева. Соңғы бірнеше күнде елімізде коронавирус статистикасы күрт нашарлады. Әсіресе, ауруға шалдыққан дәрігерлер саны қатты өсті. Тек Алматының өзінде ғана соңғы күндері тіркелген 221 жаңа аурудың - 160 медицина қызметкерлері екен. Дәрігерлердің айтуы бойынша, олар маскілер мен басқа қажетті құралдардың жоқтығынан жаппай вируспен ауырып жатыр, ал медицина шенеуіктері болса, кінәнің бәрі дәрігерлердің өзінен, сақтанудың әдістерін білмейді деп сөздерін жоққа шығаруда. Одан басқа, медицина қызметкерлеріне тиесілі төлемақылар жағынан да бүлік шықты. Дәл сол дәрігерлердің айтуы бойынша ол төлемдер тек бірнеше қаланың аурухана қызметкерлінің қолына тиіп, өңірлерге мүлдем жетпей қалған көрінеді. Шыдамы тауысылған медицина мамандары митингілерге шығып, шенеуіктерге сотқа беріп, Тоқаевқа хаттар жаза бастады. Сонымен, дәрігерлердің халі қандай және осылай кете берсе бізді кім емдейді? Және Айзат Молдағасымованы жауапқа шынымен тарта ма? Сол туралы ақпарат жинадық. Кеттік
    12 min
  • Мұғалімдер мен дәрігерлер алға шыға бастады
    Баршаңызға сәлем, сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева.
    Сонымен карантин мен төтенше жағдай осы айдың аяғына дейін созылатын болды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Тоқаев Астана, Алматы, Шымкент және басқа облыстарда шектеу шаралары жалғасатынын және қандай бизнестер біртіндеп ашыла алатындығын жергілікті әкімшіліктер шешетінін айтты.
    16 min
  • Назарбаев жолдауы, ақша, фермерлер мен дәрігерлер
    Сонымен, соңғы кезде жаңалық көп: Қостанайда ауа-райының кесірінен адамдар светсіз, жылу және сусыз отырғандарына бір тәуліктен асты, фермерлер егіндерін сата алмай қиналуда, ауырған дәрігерлер саны біресе азайып, біресе көбеюде, ал Назарбаев болса, елге тағы бір жолдауын шығарды. Жолдауының тоқсан пайызы мақал-мәтел мен басқа әдебиетке толы болғанымен, ол жақта да біраз талқылауға тұрарлық нәрселер бар.
    10 min
  • Коронавирус біте ме? Қалай? Қашан?
    Коронавирус ауруына шалдыққандардың саны әлем бойынша 1 миллионнан асты және халықтардың барлығы ауру барысын баяулату үшін карантинге жабылып жатыр. Қазіргі таңда әлем бойынша ғалымдар, үкіметтер мен медицина қызметкерлері тек коронавируспен ғана айналысып жатыр – олардың мақсаты вакцинаны табу. Солардың ішінде Қазақстан да бар. Алайда, жұмысты күшейте түскеннің өзінде, вакцинаның қашан болатыны білгісіз, ал адамдар ақшалары мен жұмыстарынан дәл қазір айырылып жатыр. Сонымен, коронавирус қашан аяқталады және ары қарай не болмақ? Сол туралы ғалымдар, саясаткерлер мен дәрігер мамандардың не деп жатқанын жинадық.
    9 min
  • Тоқаев әскери жиынды наразыларды көшеге шығармау үшін жасады ма?
    Сонымен кеше Қасым-Жомарт Тоқаев "әскери міндеттілерді жиынға шақыру" туралыжарлық шығарды. Биліктің айтуы бойынша, блок посттарда адам жетпей жатқан көрінеді. Айта кететін жайт, Қазақстан полиция саны бойына әлемдегі топ он елдердің қатарына кіреді. Сонда қалай адам жетпей жатыр және елдегі әлеуметтік жағдай онсыз да шиеленісіп, коронавирус эпидемиясы өршіп тұрған сәтте сап-сау еркектерді неліктен аяқ асты армияға алып кетпекші?
    9 min
  • Жаңартылған көмектің толық тізімі мен алу тәртібі
    Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы мәлімдеме жасағанын естіген боларсыздар. Сөйлеген сөзінде ол коронавирус карантині кезіндегі бюджет ақшасы қайда жіберілетіні туралы айтып, олардың ішіндегі бір жақсы жаңалық, 42500 теңге көмек алуға қақылы адамдардың тізімі кеңейтілгенін айтты. Енді сіз ресми еш жерде жұмыс істемесеңіз де, жәрдемақы алуға өтініш бере аласыз. Бірақ оны еGov арқылы ғана істеуге болады. Оны қалай жасау керектігін және басқа жәрдем туралы осы видеода айтатын болам.
    11 min
  • 42500 теңге жәрдемақыны алу шарттары жеңілдетілді
    Сонымен алдағы бірнеше күнде коронавирсқа шалдыққандардың саны әлем бойынша бір миллион адамға, ал Қазақстанда бір аптада мың адамға жетуі мүмкін. Ол Қазақстан аумағында әлі де кем дегенде бір айға төтенше жағдай тоқтатылмайды дегенді білдіреді. Егер сіз жағдайды жеңілдетіп, ауруды таратпауға қалай да ат салысқыңыз келсе, мүмкіндігінше үйде отыруға тырысыңыздар. Қазақтың тойы бітпесін, әрине, бірақ карантиннен кейін. Елдегі медицинаның халін де ескерген жөн. Тозығы шыққан біздің ауруханаларда, аурулармен жатқанша, үйде жатқан әлдеқайда қауіпсіз.
    Бірақ бүгінгі шығарылым тойлар туралы емес, бәрімізді алаңдататын 42500 теңге туралы болмақ.
    6 min
  • Кредиттен уақытша босатылатын кімдер?
    Бастамас бұрын сізден сүйінші сұрап, жақсы жаңалықпен бөлісейін, коронавирусқа тесттен өттім меннен ол ауру табылмады. Сонымен үйге карантинге қайттым. Сізді де сол бәледен аулақ, деніңіз сау болуды тілеймін.
    Сонымен әлем бойынша коронавирус пандемиясы жалғасуда. Барлық елдердің үкіметтері халқына көмектесу шараларын енгізуде. Солардың ішінде Қазақстан да бар. 42500 теңге туралы мен өткен шығарылымда айтқан болатынмын, енді оның толық шарттары да белгілі болды. Сонымен бірге, кеше «7-20-25» және «Баспана-хит» тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізді.
    8 min

About Тіл кеспек жоқ

From the publisher's feed

Қазақстанның тәуелсіз жаңалықтары