Тіл кеспек жоқ

Тіл кеспек жоқ

Download on the App Store

Тіл кеспек жоқ episodes

  • Бізді ақымақ санай ма? Коронавирус, Төлесова мен Есмағамбетова туралы
    Белсенді Әсия Төлесова полицейдің бас киімін қағып жібергені үшін қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Ал митингіге шыққан адамдар мен жәй азаматтарға қысым көрсеткені үшін ешбір полицей жазаға тартылмады. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова симптомы жоқ адамдар басқаларға сирек жұқтырады деп, денсаулық министірлігі енді оларды басқа тізімге жазатын болды. Осының арқасында ресми статистикада аурулар саны екі есе азайды. Одан басқа Есмағамбетова ол туралы ақпаратты қайдан алғанын да толық ашып айтпады.Неліктен билік органдары халықпен қатынаста ақпаратты толық тарату мен әділеттілік принциптерін ұстанбайды? Халықты ақымақ санай ма әлде өздері ме?
    11 min
  • Қайтадан көзбояушылық па? Тоқаев репрессия құрбандарын ақтауды тапсырды
    Қазір елімізде және әлемде көптеген жаңалықтар орын алып жатыр, бірақ бүгін мен сіздермен өткен күндер туралы әңгімелескім келіп отыр. Кеше 31 мамыр күні Қазақстанда ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болды және де Тоқаев осыған орай үндеу жариялады. Ол тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын мәлім етті. Бірақ ол құрбандарды ақтау ма басты мәселе әлде кінәлі адамдарды атау ма? Сонымен қатар, елімізде дәл қазір репрессиялар жалғасуда. Саяси көзқарастарын ашық білдіргені үшін заңгер Әлнұр Ильяшев дәл қазір қамауда отыр. Өткен күндерден сабақ алмаған, болашақтан таяқ жейді. Кешегіні еске ала отырып, оның сабақтарынан да үйренуіміз керек. Бүгінгі шығарылымда осылардың барлығын қозғайтын боламыз.
    12 min
  • Алматы полициясы жалған ақпарат таратты. Жаза қайда?
    Алматы қаласы өмірге қайта орала бастады: сауда орталықтары, мейрамханалар, балабақшалар ашылды. Қала сыртында тұратын адамдар Алматыға жұмысқа бара бастады, бірақ біздің полицияның онымен жұмысы жоқ сияқты, блок бекеттерде әлі де қоршаулардан адамдары әрең өткізіп жатыр. Қала сыртында бірнеше шақырымға созылған кептеліс таң сайын пайда болуда. Блок-посттар жалпы тек халыққа ғана емес, полиция қызметкерлерінің өздерінің де қырынан шықты. 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан екі полицейдің де артында бала-шағасы қалды.Бүгінгі шығарылымда осы істің іш-қыры туралы сөйлесетін боламыз.
    7 min
  • Тоқаев Путинге қарсы шықты. Ресейдің қол астынан шыға бастадық па?
    Баршаңызға сәлем, Ораза Айт құтты болсын. Сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас.Осыдан бес күн бұрын Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан мен Ресей кіретін Еуразиялық экономикалық одақтың отырысында күтпеген оқиға болды – бес елдің президенті ұйым тарихында алғаш рет көзқарас қайшылығына байланысты, алдағы бес жылға арналған даму стратегиясын қабылдаған жоқ. Одан қоймай, Тоқаев тіпті ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның көп нәрсеге қарсы болғанын айтты. Ресей бұған қалай жауап берді? Тоқаев саяси ұпай жинап жатыр ма әлде шынында Ресейден тәуелділікті азайтпақшы ма және енді одақтың жағдайы қалай болмақ? Осы туралы ақпаратты жинадық.
    11 min
  • Армян көліктеріне рұқсат берілді, ал митингілерге тиым салынды ма? Басты жаңалықтар
    Коронавирустан әбден шаршап, карантиннен оралуды армандап жүрген халық наразылығын білдіре бастады. Мысалы, Ақтөбеде саудагерлер жергілікті билік орталық базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз деп бекініп отыр екен. Сөздерінше, карантин басталған екі айдан бері табыссыз қалған қара халық аштан өлудің алдында отыр. Сондықтан қазір саудагерлер қақпасы жабық базардың сыртынан өздері жабайы базар жасап алып, тауарларын көшеде сатуға көшіпті.Одан басқа дәл сол митингілерге байланысты жаңа заң бекітіліп, шетелдік көліктердің жағдайы бір шешімін тапты. Ал девальвация кезінде ұйықтап жүрген Келімбетов болса елдің экономикасының дамуына болжам жасады. Бүгінгі шығарылымда осылардың барлығы туралы толығырақ сөз қозғайтын боламыз.
    9 min
  • Аурулар саны қайтадан өсе бастады. Карантин оралуы мүмкін бе?(және Тоқаев пен оппозиция туралы)
    Өткен аптада елде көптеген қызықты жаңалықтар орын алды. Төтенше жағдай алынып, Тоқаев өкілеттілігін күшейтетін заң қабылдады, одан басқа карантиннің қайтып келуі мүмкін деп қорқытты санитарлық дәрігерлер. Бүгін осылардың барлығына шолу жасап, пікір айтатын боламыз. Бастамас бұрын сіздерден осы каналға жазылып, видеомен бөлісуіңізді сұраймын! Рахмет!
    11 min
  • Несие бойынша шегеру аяқталуда. 15 маусымнан кейін кредиттермен не болады?
    Өткен шығарылымда көп адам несие сұрағын комментарийлерде көтерген болатын және оны түсінуге болады: маусымға дейін банктер шегерім бергенімен, кіріс көзінен айырылған адамдар маусымнан кейін де алған кредиттерін төлей алмауы мүмкін. Сондықтан бүгін қаржыгер Дана Жарлығапова factcheck.kz үшін жүргізген арнайы зерттеуді негізге ала отырып, болашақтан не күтуге болатыны туралы болжалды жинадық.
    9 min
  • Төтенше жағдай тоқтатылды. Дәрігерлер төлемдері мен 42500 теңгеге не болмақ?!
    Сонымен халықты әбден әбігерге салған коронавирустың ұшығып кетпеуі мақсатында енгізілген төтенше жағдай мен карантиннің енгізілгеніне мінеки екі айға жуық уақыт болды. Бүгін 11 мамырда елімізде төтенше жағдай режимі алынады, бір миллионға жуық адам жұмысқа оралады, бірақ карантин әлі де сақталады. Ол дегеніміз қалай? Не үшін төтенше жағдайды алып тастап, карантинді қалдырды, Алматы мен Астананың айналасындағы блок-посттар қашан алынады, Тоқаев өз сөзінде не деді және енді әрең қол жеткен 42500 теңгенің жағдайы қалай болмақ? Осы туралы сөз қозғайтын боламыз.
    6 min
  • Кәсіпкерлерді қолдау бірнеше жылға созылуы керек пе?
    Төтенше жағдай режимі енгізілгеніне міне бір айдан асты. Екі мыңнан астам ауру тіркеліп, 19 адам көз жұмды. Ал он мыңдаған адам жұмыссыз қалып, мыңдаған шағын және орта кәсіпкерлердің де бизнесі тоқтап қалды. Коронавирус Қазақстан экономикасына теріс ықпалын тигізгені сөзсіз. Оған қоса біздің экономиканың тірегі – мұнай бағасы кеше жиырма жылда алғаш рет күрт төмендеп, 16 доллардан төмен түсіп кетті. Әрине, карантин режимі халықтың денсаулығын сақтау үшін маңызды. Бірақ, менің осы каналдағы көрермендерімнің бірі комментариінде жазғандай «Бірінші неден өлеміз – аштан ба, коронавирустан ба, білмейміз» демекші, жұмыссыздық салдары вирустан да ауыр болуы мүмкін. Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша 20 сәуірден бастап Алматыда бірқатар кәсіпорын мен құрылыс сауда орталығының жұмысы кезең-кезеңімен іске қосылады, бірақ бұл бизнестің тым болмаса пандемияға дейінгі деңгейіне қайта оралуына көмектесе ме? Сол туралы әңгімелесейік.
    9 min
  • Билікке сын айтқан белсенділерді жаппай түрмеге жабу басталды ма?
    Баршаңызға сәлем, Сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас және оның жүргізушісі мен, журналист Әсем Жапишева. Бастамас бұрын сіздермен жақсы жаңалықтармен бөлісейін. 42500 теңгені заңсыз алғандар қылмыстық жазаға тартылады деп халықты тығырыққа тыққысы келген Еңбек министірлігі жұрт мен журналистер жаппай наразылық білдіре бастағанынан кейін, ол шешімін өзгертті. Бірақ бұл жерде де бір кішкентай алаңдаушылық қалды. Сол туралы, ал ең бастысы, үкіметке сын айтқан белсенділерді қамауға неге карантин кезінде ала бастағаны туралы бүгін сөйлесейік. Кеттік.
    12 min

About Тіл кеспек жоқ

From the publisher's feed

Қазақстанның тәуелсіз жаңалықтары